22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №424

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Туу туралы куәліктерді рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі туралы № 113 бұйрығына күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабы, 1 тармағын жүзеге асыру мақсатында, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Туу туралы куәліктерді рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі туралы №113 бұйрығымен бекітілген ереже күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурызда №10381 тіркелген). 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдасын. 3. Осы бұйрық қол қойған күніннен бастап күшіне енеді. Министрдін міндетін атқарушы Б.ӘБДІРАЙЫМ